• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №752

108 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 30 қараша Астана, Үкімет Үйі Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан  төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін  2017 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Респуб­ликасы Заңының 8-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен жеті пайызға арттыру жүргізілсін. 2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ